«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дамыту ойындары және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру

25.12.2019

Кіріспе

Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды, егер оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.

Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың мақсаты:

Мотивациялық жоспардағы қиыншылықтан өту үшін балаларға қызықты оқу сабақтарын жүргізу, яғни арнайы оқу-дидактикалық  түрде, дамушы ойындар арқылы, болған сабақ арқылы баланың оқуға деген қызығушылығының тууы және баланың шеберлігі көзделген.

Берілген әдістемелік құралда мектепке дейінгі балалардың дамуына берілген: кіріспе, техникалық карта, болашақ жоспар, сабақ дәрістері толық (барлығы 24 интегралды сабақ). Курс сабағы мектепке дейінгі балаларды өмірге дайындайды, баланың біліктілігін қалыптастырады. Тәрбиелеудің және оқытудың басты түрі  ойын болып табылады, яғни бұл баланың шынайы қалпы. Мысалы, қабылдауды дамытуға арналған ойындар – «Кілем дүкені», «Өзін ақтару», «Сиқырлы бояу езетін тақтайша», елестетуді дамыту үшін – «Сиқырлы жұмыртқа», «Болады-болмайды», «Сиқырлы орман», «Жазу (сурет салу)?», зейінді дамыту үшін – «Үздіксіз іздеу», «Түйме» және т.б. Оқу-дидактикалық ойынға бірінші талап, балалармен өткізілген, олар танымдық қызығушылығын дамыту үшін қолданылған. Осы көзқараспен балаға ойынның  аса пайдалы, келесі талаптармен жауап қайтарады:

- баладағы қызығушылықтың өз бетімен қабілетінің тууы;

- өзінің қабілетін көрсету үшін балаға мүмкіндік беру;

- жарыстарға баланы еліктіру;

- дағды мен икемін қалыптастыру және өздігінен білімді іздестіруге жағдай жасау;

- ойын арқылы жаңа білім қайнар көзі мен икем және дағдыны бала үшін қол жетерлік болуы;

- жетістік үшін еңбегі сіңген мақтау қағазын алу, онда сен қанша рет ойынды жеңгені туралы емес, онда қанша дағды, икем және жаңа білім алғаны туралы деманстрация.

Балаларға ең алдымен мынандай ойындар керек, онда олар өздеріне жаңа білім алу үшін ашады, елесі, зейіні, ойлауы және баланың сөйлеуі, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.

Негізгі дамытқыш ойындарда келесі қағидалары бар:

- Баланың қызметін ойын элементтерімен сәйкестендіріп және ойыннан оқуға өту, ойын-тапсырма арқылы ізденіс қызметі.
- Ойынның шартын және тапсырмаларын ақырындап күрделендіру (бірте-бірте).
- Баланың ішкі және сыртқы қызметімен байланысы және ойдың әрі қарай дамуына енуі.
- Оқу мен тәрбие жұмысының бірізділігі.
- Барлық баланың шығармашылығының дамуы, әр бала өз алдына жеке дарын иесі, оны табиғатына байланысты анықтау.

Осы дағдыларды қалыптастыру арнайы орталықтарда, осы қасиеттерді дамытады, онда білім беру аймағы анықталады: «Таным», «Коммуникативтілік», «Шығармашылық», «Әлеумет», «Денсаулық».

- баланың қабылдау жүйесін дамыту
- есте сақтау қабілетін дамыту (көру, есту, сипап-сезу, т.б.). Арнайы және арнайы емес назар.
- ойлау қабілетін арттыру (өз еркімен ойлау қабілеті, өз шығармашылық қасиетін көрсету, қиындықтарды оңай жеңу, салыстыру, жалпылап және талдай білу қасиеті).

Қиялдау қабілетін дамыту: ертегі жаза білу, жұмбақтарды шеше және таңғажайып бейнелерді ойлап таба білу.

Қолдың және саусақтардың бұлшық етін және денсаулықты дамыту.

Ойын арқылы қызығушылықпен танымдылықты ояту.

Еңбек қорлыққа тәрбиелеу.

Өзін-өзі бағалау және ұстамдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәжірибелік маңыздылық баланы дамытудан тұрады:

- қоршаған ортаны тандап өткізу.
- қиялдан әртүрлі образдарды қалыптастыру.
- тапсырмаларды шығармашылық жолмен шешу.

Технологиялық карта бес бөлікті қамтиды, ойынды жаттығулар мен тапсырмаларды қосу; есте сақтау мен зейінді дамыту, мәдени ойлауды жоғарлату, шығармашылық қиялды жетілдіру, психогимнастика және сөздік қорды дамыту. Сабақ барысы қыркүйектен тамызға дейін айына екі реттен деп жоспарланған. Барлығы 24 сабақ. Сабақтың жекеленген бөліктері: ойындық жаттығулар және ойындар, т.б. Оны  баланың тәуелсіз тапсырма ретінаде қолдануға болады.

Мәселе: Мектепке дейінгі балалардың қызықты танымдық дамытушы ойындардың қалыптасуы.

Өзектілігі:

Дамытушы ойын – бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, даңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.

Адамның әрекеті екі түрлі болуы мүмкін: іске асыру және репродуктивтік, кіріктірілген және шығармашылық. Репродуктивтік түр біздің есте сақтау қабілетімен тығыз байланысты. Оның түпкі мағынасы бала бұрынғы білімін қайталап, еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы білімін қайталап еске түсіреді, сол арқылы бұрынғы мәселелерін шеше алады. Бұл түр ешқандай жаңа түр болмайды. Оның негізгі бұрынғы білгенін толық және толық емес қайталау болып табылады. Бұндай тәжірибе бала үшін маңызы бар, ол қоршаған ортаға дағдылануды жеңілдетеді, күнделікті дағдыларды пайда болдыра отыра оны біркелкі жағдайларда қайталап отырады. Органикалық жадтың негізгі, репродуктивтік қабілеті өзгереді, бұрынғы өзгерістерді сақтайды. Олардың арақатынасындағы байланысты нығайта түседі. Баланың қиялы мен кіріктірілген жадқа қарсы болмайды, сондай-ақ жаңа сәйкестіктерді іздейді. Бірақ адам жеке жағдайға бейімделе алмаса ол тек бар тәжірибесі мен өмір сүрсе, онда ол қоршаған ортаға да бейімделе алмайды.

Қиял – бұл барлық шығармашылық жұмыстың негізі. Баланың жалпы дамуы үшін қиялдың маңызы зор. Ерте жастан бастап балалардың ойында шығармашылық үрдіс көріне бастайды. Ойын бала үшін тек қана алғашқы әсер емес, сонымен қатар оның комбинациясы.

Қиялдың негізі өте күрделі болып табылады және сыртқы қабылдаулар, баланың тәжірибесінің негізін құрайды. Бұл әр түрлі қабылдау, тапсырмаларды шешу, құбылыстар және тағы басқалар жатады. Оған есту және көру қабілеті де жатады. Ең қиыны қабылдау. Сондықтан тәрбиелеуші баланың қиялын дамыту үшін оған көмек беруі керек.

Бұл күрделі үрдістің құрылуы диссоциоциялық талдау және ассоциациялық қабылдау болып табылады.

Бұл үрдіс баланың барлық даму жағынан маңызды, бұл түсінік пен абстракты ойлаудың қалыптасуының негізі. Сондықтан көптеген ойындарда ойлау қабілетін арттыру өте маңызды. Бұл ойын арқылы логикалық тізбекті жалғастыруға, ресурстарды таба білу және интеграция көмегімен ассоциоция көмегімен жасауға көмектеседі.

Дамыту ойындарында балаға әдейі қиын жағдайларды тудырады, ол одан шығар жолды таба білу керек. Сол арқылы бала ойлау қабілетін артырады.

Дамыту ойындар баланың бойындағы өзін-өзі ұстау және жинақылыққа үйретеді. Бұндай ойындардың шарттары баланың  басқалардың ойындағы қателігін көріп өзі жақсы ойнай бастайды. Ақырындап ол дұрыс ойнап, ұстамды болып, әдептілік нормаларын ұғынады.

Дамыту ойынның екі аспектісі бар:

1. Танымдық – баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.

2. Тәрбиелік – әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.

Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.

Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.

Баланың қалыптасуын ойын арқылы және жаттығу, тапсырмалар арқылы қалай анықтауға болады.

Баланы мәселесі көп жағдайға әкелу. Оның іс-әрекеті жұмыс барысында өзіндік қанағаттандыруға әкелді, кейіннен ол сұрақтар тудырады, олардың өзіндік танымдық мағынасы болады.

Дамыту ойындар

Ойындағыны іске асыру -

ойын жағдайына балалар кіреді және ол өзінікіндей қабылдайды.

Ойын әрекеті -

белгілі қозғалыстар, құралдармен алмасу, құралдарды іздеу және тағы басқалар жатады.

Оқыту тапсырмалары -

ойындағы жеке жетістіктерінің маңызды жағдайы және оның басқа қатысушыларымен эмоционалдық байланысы.

Ойындағы мәлімет -

ойынға баланы талаптандыру, үйрету және дамыту үшін ерекше мағына береді және сонымен бірге ойынның ниетін жүзеге асыру.

Ойынның ережесі -

ойынды іске асыру үшін ойын әрекеті мен оқыту тапсырмасын, балалардың санасында ойынды іске асыру.

Мақсаты: Дамыту ойындар көмегімен баланың танымдық біліктілігін қалыптастыру.

Тапсырмалар:

Танымдық үрдісін дамыту.

Мәдени ойлануды жоғарлату.

Шығармашылық қиялын дамыту.

Жеке тұлға қасиетін қалыптастыру:

- байқағыштық,
- талпынушылық,
- білімге құмарлық.

Өзіндік баға мен өзіндік бақылауды дәл қалыптастыру.

Өнімді іс-әрекет түрі арқылы баланың жеке тұлғасын дамыту

Танымдық қызығушылықтың бет бұрысы

Танымдық және білімділік адамның қызықты қабілеттерінің бірі, ол қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді.

Танымдылық ол тума біткен талант емес, ол тәрбиелеу мен оқыту барысында қалыптасады, қоғамдық тәжірибе арқылы бала қалыптасады, жалпы білім мен барлығы әсер етеді. Танымдылық пен білімділікті дамыту ол тәрбиешімен балаға байланысты. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуына әлеуметтік өмір, басқаның өмір тәжірибесі және жеке тәжірибесі әсер етеді.

Танымдық қызығушылық көбінесе өмірдің белгілі бір түріне бағытталады. Танымдық қызығушылық интелектуалды белсенділіктің эмоционалды қатынастарын өзіне қосады.

Д.Ушинский оқуға деген қызығушылықта «қызықты, толық ой» деп атаған. Ол баладан қызығушылық оятып, оның қуанышын бірге бөлісіп жатады. Қызығушылық баланың еңбекқорлығын арттырады, ол ең қызықсыз жұмыстың әрін келтіреді. Танымдық қызығушылық қоғамға деген белсенді қатынасты көрсетеді, сондай-ақ білімді қабылдау немесе жұмысты қиыншылықсыз орындау.

Танымдық қызығушылық мүмкіншілігіне қарай мидың жұмыс істеуін қалыптасуының негізі бола алады.

Танымдық қызығушылық қалыптасуы толық оқыту үрдісі кезінде және тәрбиелеу барысында жүзеге асады.

Білімділікті және танымдық қызығушылық ойды дамыту сабақтарында, ойында, еңбекте және қоғамда қалыптасады.

Танымдық қызығушылықтың негізгі сипаттамасы мыналар: көпжақтылық, тереңділік, тұрақтылық, динамикалық, әрекеттілік

Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру

Динамикалық – білімі, баланың өзімен бірге қозғалмалы жүйені қалыптастырады, онда тез орналасады және іске қосылады, әр түрлі жағдайда вариантивті қолданылады және баланың ақыл-өрісі әрекетіне қызмет етеді.

Ақиқаттылық – баланың белсенді іс-әрекеті, оның заттар мен құбылыстармен танысуға бағытталған қиыншылықты жену, мақсатқа жету үшін ерігін күшщейту пайда болады.

Қағидалары:

1. Оқу мен ойын элементтері баланың іс-әрекетіне үйлесіп, ақырындап ойыннан – біртіндеп танымдық-ізденіс іс-әрекетіне айналады.
2. Ойынның шарттарын және тапсырмаларын қиындату.
3. Баланың шығармашылық потенциалын дамыту.
4. Тәрбиелік мен оқытушылықтың бірдей әсер етуі.
5. Баланың ішкі және сыртқы белсенділігі арасындағы ұйымдастырушылық байланыс.

Бірлестік іс-әрекеттерінде баланы ұйымдастыру:

1. Жеке – дара  ойындар
2. Кіші топтармен жұмыс
3. Ойындар тапсырмалары
4. Мимикалық жаттығулар
5. Сөз шығармашылығы
6. Ойын гимнастикасы
7. Ортаның құбылмалдығы
8. Монотипия
9. Модельдеу
10. Жағдай мәселелерін шешу.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы:

Көптеген тәрбиелік әрекеттерден және баланы өзіне қарату үшін қорғағыштық, көңілдік, таңқаларлық және де аяушылық қасиеттерін талдап едім. Эмоционалдық тәрбиенің негізінде баланың қызығушылығын арттыру, оның бірденеге деген икемділігі. Мысалы, Нұраманға  құстар қызықтырады: оның көп түрлілігі және ішкі түрі. Ата-аналарға «3 сұрақтың моделі» атты жобада қатысу деген ұсыныс. Біз барлық балалармен қызықты ақпарат жинай бастадық. Ақбота ертегілерді ұнатады – кең үлгіні «Теремок білімі» оның күнделікті қызығушылығы.

Танымдық қызығушылық шарты балаларда әрине қалыптаса бастайды. Еризат, және Дариғаның әнге деген қызығушылық оянды, олар әнге, дыбысқа, өте оңай бейімделеді. Ал Ләйлә үй өсімдіктерін қорғағанды ұнатады. Ақбота, Рахат сурет салғанды қалайды. Оларды әр түрлі түстер қызықтырады.

Әр балаға деген жеке қатынас тәсілі өте маңызды. Ақтілек, Мерей, Алдияр  ұялшақ болғандықтан, оларға көп назар аудару керек. Олардың жасағандарын қолдап бір-біріне деген қатынасын жақсартуға тырысады.

Оқу барысы өзіне көп назар аударғанды талап етеді. К.Д. Ушинский назар аударуды «Қоршаған ортаға деген қақпа» - деді. Назар аудару оқу барысына танымдық қызығушылықты арттырады. Баланың білімділігін арттыру үшін жұмбақ жағдайды да қолданады. Бірақ балалардың танымдық қызығушылыққа деген қызығуы кей жағдайда жоғалады, сондықтан мен бір бағыттық жаттығулар.

Басты шарт оның динамикалық білімді және дамытушы ойындарды жалғастыру болып табылады.

Дамытушы ойындар арқылы баланың қызығушылығын арттыру, балаларды ойлануға әкеп соқтырады, ой елегінен өткізу жұмбақтарды шешу. Балалар алдына маңызды тапсырма қойып, оны шешу жолы: салыстыру, ақылға салу, еске түсіру.

Тәрбиелеуде ең маңызды мағына «нәтижені тосу» болып табылады. Бұл нәтиженің жобасы баланың ойы мен қабілетінің артуына ықпал етеді. Ақырындап балаларда өз еркімен мақсат қойып, одан нәтиже алу қабілеті қалыптасады.

Шығармашылық ойының дамуы, қалыптасуы басты негізінде білімнің артуы арқылы жүзеге асады. Ол тәрбиешінің тікелей қатысы арқылы жүзеге асады. Ол тәрбиешінің тікелей қатысы арқылы жүзеге асады. Танымдық қызығушылықтың негізгі тәрбиесі, ол тәрбиешінің жарқын ойлары мен оның бала тәрбиесіндегі белсенді тәсілі.

Қорытынды: Дамыту ойыны барысында баланың есте сақтау қабілетін арттыру, болып табылады және оның ойлау қабілеті жұмыс істей бастайды. Күнделікті талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, көргеніне жауап беру және қорытынды жасау, сондай-ақ сөйлеу қабілеті қалыптасады.

Балатаева Е.Э.

Просмотров: 566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст