Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындар маңызыды болғандықтан 19-шы желтоқсан күні Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің бастауыш сыныптарының 3-4 оқушылар арасында "Сынып дарабозы" атты интеллектуалды ойынын ұйымдастырдым. Ойын - бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойынға оқушылар бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдай білді. Әр сыныптан төрт оқушыдан қатысты. Олар: Ойын ережесін қатаң сақтай отырып, сынып дарабозы анықталды. Ол 3 сынып оқушысы Төлепберген Жан. Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына әсер ететінін анықтайды. Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады.
Жуманова С.Е.