Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген.Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасына сай зерттеулерде функционалдық сауаттылық әр азаматтың міндеті ретінде қарастырылып, әрі қарай кәсіби сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған. Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрі қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде?» деген сұрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет. Сонымен қоса білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіздеп құру тиімді болмақ. функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Қазақстандық қоғамның көп мәдениеттілік жағдайында ізгілік дүниетанымдық ұстанымдарды, ұлттық-мәдени құндылықтарды, қоршаған әлемге эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасты қамтитын білім мазмұнының аксиологиялық компонентін кіріктіру негізінде оның тәрбиелік әлеуетін күшейту мәселесі ерекше мәнге ие болады. Білім беру мазмұнындағы аксиологиялық компоненттер Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуін; белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуын; мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауын; өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуын; салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуін; адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуін; өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін; үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуін; әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуін қамтамасыз етеді. Білім беру мазмұнындағы іс-әрекеттік компоненттер оқушының адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуін; таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруін; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруін; жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді. Осы талқылаулардан білім беру мазмұнындағы аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттер білім жүйесіндегі негізгі құзыреттіліктерді дамытуға бағытталып отырғанын көруге болады.