«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқорлық кеңесінің отырысы

10.05.2023

2-наурыз күні Қамқорлық кеңесінің отырысы өткізілді. Қарастырылатын сұрақтар:

1.            Наурыз мерекесін жоспарлау

2.            Мейірбике қызметі

3.            Күрделі жөндеу жұмыстары

1-сұрақ бойынша мектеп директоры Л.А. Биримжанова Наурыз мерекесіне дайындық  туралы сөз қозғады. Мереке түркі тілдес халықтарының мәдениеті мен асханасын әзірлеуге ұсынды.

2-сұрақ бойынша мейірбикенің қызметі, жұмыс уақыты туралы талқыланды. Мейірбике лауазымы аудандық емхана қорынан қаржыланатына байланысты, көп мәселелер туындайтыны айтылды. Осыған орай, мейірбикенің мектепте қызмет жасауға уақыты өте аз екені туралы сөз қозғалды.

3-сұрақ бойынша Л.А. Биримжанова мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін айтты. Ол үшін мектеп тарапынан  барлық құжаттар дайын екенін мәлімдеді.

Просмотров: 1313


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст