«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – ҚОҒАМ МӘРТЕБЕСІ

31.01.2020

     Елімізде мұғалімдер еңбегі еленіп, «Педагог мәртебесі туралы» заң күшіне енді.Жаңа заң педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. Заң жобасы 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты. Жоба аясында ұстаз мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейту мәселелері қарастырылған. 

Жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңда мұғалімдердің құқықтары нақты көрсетілген. Яғни, мемлекет мұғалім мәртебесін көтеруді өз міндетіне алып отыр,сонымен қатар маңызды мәселелерге де тоқталған.

1. Басты мәселе – баспана

Педагог мәртебесі туралы заң жобасының 14-бабында әлеуметтік кепілдіктерге басымдық беріліп отыр. Ұстаздардың көңілінен шыққан ұсыныс – бастапқы жарнасыз жеңілдетілген несие бо­йынша тұрғын үй сатып алу. Сонымен қатар қызметтік тұрғын үй және жатақхана иеленуге мүмкіндік қарастырылған

2.Еңбек демалысы ескерілмек

Заң жобасына ұстаздардың барлығына 56 күн жыл сайынғы еңбек демалысын беру нормасы енгізілген. Оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде екі лауазымдық жалақыдан кем емес мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға арналған жәрдемақы берілуі қарастырылады.

3. 30 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шығу

Заң жобасын талқылау барысында ең көп түскен ұсыныстың бірі – еңбек өтілдеріне сәйкес ертерек зейнет жасына шығу.  Заң жобасында «Педагог белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының отыз жылдық өтілі болған жағдайда, зейнеткерлікке шығуға әлеуметтік кепілдіктерге ие.

Тәуелсіздіктің тұғырын иеленіп, көгімізде көк байрағымыз желбіреп, 50 елдің қатарынан өз орнын алып, әлемге атымыз танылып жатқан кезде, еліміздің болашағы – жас ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесіне көңіл бөлінуде. Осы орайда ұстаздардың ойып алар орны ерекше. Сондықтан, мұғалім мәртебесі-қоғам мәртебесі. 

Аканова А.Р.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст