«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті балл тағы жоғарылайды

31.01.2020

     Педагог мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін шекті балл биыл тағы жоғарылайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуі барысында мәлім етті.

Жоғарғы оқу орнына педагог мамандықтары бойынша түсуде шекті балл жоғарылайтындығын хабарлады. Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсуге шекті балл 60 балға дейін өскен. Ендігі кезекте 2020 жылы шекті межені 70 балға дейін көтеру жоспарлануда. «Бүгінгі таңда ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осы ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың педагогикалық бағыттары сирек таңдалып жатады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде талапкерлер көбінесе педагогикалық бағыттарды үшінші және төртінші қылып көрсетеді», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, министр 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. «Енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыретілігіне көбірек көңіл бөледі. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқарады. Студенттер мен ата-аналарды жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға шақырамыз», - деді А. Аймағамбетов.


 inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз 

Сулеймэн  Еркегуль

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст