«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Судағы қауіпсіздік

30.06.2023

   ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Су айдындарындағы балалар өмiрiнiң қауiпсiздiгi көптеген жағдайларда сіздерге байланысты! Ыстық ауа-райының басталуына байланысты, жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында сіздерге: табиғи және жасанды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері және оларды ұстанбаудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл сіздің балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын алдын алады, балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірі осыған байланысты. Суға шомылған кезде қатаң тыйым салынады: - балалардың ересектердің қадағалауынсыз шомылуы; - бейтаныс жерлерде шомылу; - үрлемелі матрацтарда, камералар және басқа да жүзу құралдарын пайдалану (ересектердің қадағалауынсыз). Басқа да қауіпсіздік ережелері: -көпірлерден, жартастардан және басқа биіктіктерден суға түспеңіз; -суға құлап кету қаупі бар жерлерде ойнауға боллмайды; -кейбір су қоймаларының жанында «СУҒА ТҮСУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!» белгісі тұрады. Бұл ережені ешқашан бұзбаңыз; -төтенше жағдай орын алғанда ересектерді көмекке шақырыңыз немесе ұялы телефоннан «112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Жақсы ауданы ТЖБ

Просмотров: 1572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст