Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Бүгінгі таңда тіл дамыту жұмысы ең басты мәселенің бірі болып отыр. Қазіргі таңда оқушылар шығарма, эссе жазуға, мазмұндауға өте шорқақ келеді. Мұның басты себебі: ана тілінде кітап оқымау, үйдегі қарым-қатынас құралы ана тілінде болмауы. Бұл жұмысты жүргізу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Тіл дамытудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын дамыту, сол арқылы тіл мәдениеті нормаларын меңгерту. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру әрбір бастауыш сынып оқушысының міндеті десе де болады. «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деген ғалым Н.Уалиевтің пікіріне сүйенетін болсақ, сөз мәдениетіне оқушының шынығуы бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Бүгінгі күні мектепке келе сала ағылшын, орыс тілдері оқытылады. Сондықтан ана тілінің асыл қасиетін бойына сіңірмеген балалар тілінде тілді шұбарлау, варваризм, жаргондарды жиі қосып сөйлеу кездеседі. Осы кезде мұғалім үнемі оқушыға ескерту жасап, сөзіне түзету жасап отыруы тиіс. Бастауыш сынып оқушысы өз мұғаліміне қатты еліктеп, ол кісінің айтқанының бәрі орынды деп санайды. Сол себепті де бастауыш мұғалімінің оқушы алдындағы әр сөзі, әр ескертпесі өте маңызды. Алдымыздағы баланың тек киім киісі, сабаққа келіп-кетуі, бағдарламаны меңгеру деңгейін ғана бақыламай, әр сөзін, сөйлеу мәдениетін, құрбысымен сөйлесуін, сабақ айту мәнерін қадағалап отыру арқылы оқушының тіл мәдениетіне үлес қоса аламыз. Сондай-ақ, ата-аналардың да тіл дамыту мәселесінде қосар үлесі мол екенін де ата-аналар оқуында ескертіп отыру да мұғалімнің құзырында деп есептеймін. Кезінде ата-бабамыз бала тәрбиесінде сәбиге айтар әр тілегінде, бесік жырында баласының келешегінен үлкен үміт пен сенім артқанын мына мысалдан көреміз:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің? –дейді. Осылайша ана тілін дамытуды тал бесіктен бастаған. Өкінішке орай, қазір бесік жырын айтпақ түгіл, баламен сөйлескенге ерінеміз. Оның барлық тәрбиесін ұстаздарына жүктеп, баласының мемлекеттік тілін жетік меңгермеуін мектептен көріп жататындар да кездеседі.
Сондықтан бастауыш сыныпқа келген баланың ана тілінде еркін сөйлеп, ойын жетік жеткізе алуы тікелей мұғалімнің басты жұмысы. Ана тілі мен қазақ тілі сабақтарында жаңа сөз үйретумен қатар сол сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігін оқушыға ескертіп, ана тілінің ұлылығы, байлығы туралы түсінікті оқушы санасына қалыптастыру арқылы оның ана тіліне деген құрметін арттырамыз. Белгілі тіл ғалымы М. Балақаев: «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт», - дейді. Қазіргі заманда әр адамның біліктілігі мен шеберлігі оның сөйлеген сөзінен, адамдарды өзіне баурай алу шеберлігінен көрінеді. Сол себепті алдымызға келген баланың сөздік қорын дамытудың әр түрлі әдіс –тәсілдерін қарастыруымыз керек. Бастауыш сыныпта сөздік қорды дамыту жұмыстарын түрлі төмендегідей әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады:
сұрақ-жауап;
әңгімелесу;
баяндау;
түсіндіру;
зерттеу;
ЖИГСО;
Және де оқушыны әдеби сөйлеу дағдыларына бейімдеу үшін орфоэпиялық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы жасалған жаттығу жұмыстарын жүргізу де өте пайдалы. Оқушыны әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, диалогтерді тыңдату, классикалық әндерді тыңдату, поэтикалық шығармалар, ертегілерді тыңдату сияқты жұмыстарды жүргізудің мәні зор.
Балатаева Е.Э.