«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсылық жасап жарысайық

11.09.2023

 Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.

Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында

 2023-2024  жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек  аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты - әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілуде. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі ұйымдар өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 Оқушыларға көмекті ұйымдастыру барысында мектеп формасы, кеңсе құралдары, мектеп сөмкесі және қажет болған жағдайда демеушілер тарапынан қаржылай да көмек көрсетілді.

Оқушыларға демеуші болып, қолдау көрсеткендер «Золотая Нива»  серіктестік  ұйымының басшысы Аубакиров Бағдат Тулегенович,                                                                                «Еркіндік Агро»  серіктестік ұйымының басшысы Мейрамов  Мурат Жумагалиевич, «Наида»  серіктестік ұйымының басшысы                                                     Гитинов Басир Алиасхабович,  Жақсы ауданының Жаңақийма ауылдық округі әкімінің аппараты мекемесі басшысы Серикбаев Ерлан Ашимович пен ұжымы, Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылындағы №13 өрт сөндіру бөлімінің №28 өрт сөндіру бекетінің басшысы Ертаев Сәрсенбай Көшербайович пен ұжымына демеушілерімізге игі шараның ұйытқысы болып, оқушыларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.

«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз.

Жақсылық жасау -  күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.

Әлеуметтік педагог Н.Советхан

Просмотров: 1940


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст