Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қашан да өзектілігін жоғалтпаған. Ресми статискалық мәлімет бойынша елде отбасылық зорлық-зомбылық әрбір үшінші жанұяда кездесіп жүр. Әлеуметтік әділеттілікті нығайту кәсіподақ қозғалысының ең маңызды басымдығы болып табылады. Халықаралық қозғалыс пен ынтымақтықтың белгісі ретінде жыл сайын осы күндері Кәсіподақ федерациясы мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.
2023 жылдың 30 қарашасында Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» тақырыбында жоспар бойынша акция өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты: отбасы құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Акцияға қатысушылардың міндеттері: азаматтар арасында отбасылық-тұрмыстық негіздегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және қайталануының алдын алу шаралары туралы түсіндіруге белсенді қатысу болып табылды. Акцияға қатысушылар күлгін түсті лента тағып келген. «Күлгін түс лента» - зорлық- зорлықпен келіспеудің белгісі, зорлық-зомбылықтан бас тарту және бір-біріне мейірімділік пен шыдамдылық танытуға шақыру белгісі.
Мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы Муханжанова Меруерт Каиыргельдиевна жұмысшы әйелдердің ұстанымын нығайту мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Акция аясында құқық мұғалімі Ериков Қабижан Зейнелқабинұлы әйелдердің құқықтары жөнінде сөз қозғап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мектеп психологі Тапаева Айнур Кайроллаевна «Сенімділік» тренингін өткізді. Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Тренинг барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық феномені және оның салдары туралы түсінікпен танысты. Сонымен қатар, акция аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдау» тақырыбы бойынша түсірген бейнероликті тамашалады.
Қорытындылай келе, ұлттық заңдылықты және оның орындалу механизмін жетілдіру қажет. Гендерлік теңдік деңгейі артқан сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық функцияларын орындаудағы жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі де жоғары болады. Ер мен әйелдің қарым-қатынасы үнемі өзара түсіністікке, сыйластыққа, келісімге негізделуі шарт. Отбасылық құндылықтарды сақтап қалуға екі жақ та мүдделі болу қажет. Әрбір әйел адам бақытты болуға, әрбір бала бақытты отбасында өмір сүруге лайық!