«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларға зертханалық жұмыстың орындалу реті туралы мағлұмат, түсінік беру

31.03.2020

       Заман өзгерді, заманмен бірге талап та өзгерді, бүгінгі таңда білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болды.

        Физика – эксперименттік ғылым болғандықтан, физика курсын зерделеуге бөлінетін уақыттың 20 пайызын эксперименттік тапсырмаларды орындау алады.

        Физика курсында алғашқы мәселе оқушылардың физика пәнінен сауаттылығын арттыру керек. Бұл ең біріншіден физикалық терминдерді атап жаза білу, физикалық шамаларды дұрыс жаза білу. Екіншіден физикалық аспаптардың аттарын біліп, тануы. Бұл дегеніміз зертханалық жұмыс барысында қажетті аспапты, аспаптар арасынан сыртқы түрі бойынша ажырата білу керек.

Зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындық.

        Оқушылар алдымен зертханалық жұмыстың түсіндірмесін толық оқып, жұмыстың негізгі идеясын, оның мәнісін, негізгі бөлігін бөліп алатындай болу керек. Қайта оқығанда теориялық мағлұматтарға көңіл бөліп, оны жазып алу керек. Теориялық мағлұматтар зертханалық жұмыстардың көмекші оқу құралдарына қысқаша жазылады. Сондықтан тереңірек түсіну үшін түсіндірмеде көрсетілген әдебиеттерді оқулары керек.

Зертханалық жұмысты орындау.

         Оқушылар зертханалық жұмыстың теориясын, негізгі мақсатын анықтап алған соң жұмысты орындауға кірісулері керек. Бұл уақытта зертханалық жұмыстың түсіндірмесінде көрсетілген приборларды жұмыс столында барма, бар болса, толық па осыны анықтап алулары керек. Жетпейтін құралдарды сұраулары керек. Енді құралдармен танысып оның бүлінген, бүлінбегенін анықтаулары керек. Егер прибор бүлінген болса мұғалімге хабарлаулары керек. Осыдан кейін тәжірибе жоспарын жасап, оны мұғалімге көрсетіп алулары керек. Жұмысты орындауға кіріскенде мына кеңесті есте ұстау керек.
1. Жұмыс орны өлшеулер жүргізуге ыңғайлы болуы керек. Жұмыс қондырғысының активті элементтері қол жетерлік жерге қойылған жөн, пассивті элементтерді активті элементтермен жұмыс істегенде бөгет жасамайтындай орналастырып техникалық қауіпсіздік жағын ескеріп жұмысқа кірісуге болады.
2. Егер зертханалық жұмыста электрлік схема болса, оларды жиып жалғастырып болған соң, мұғалімге көрсеткен соң ғана ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Мұғалімге көрсетпей, олардың рұқсатын алмай ток көзіне қосуға болмайды. Бұл ережені бұзған оқушыны зертханалық жұмысты орындауға жіберуге болмайды.

Зертханалық жұмысты орындау барысында қойылатын талаптар

           Оқушы жұмысты орындауға дайындалу кезінде әдістемелік ңұсқауды мұқият оқып, көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, керекті теориялық материалдарды игерумен қатар, келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру керек:

  • Орындалатын жұмыстың мақсаты.
  • Жұмыс барысындағы өлшенетін шамалардың физикалық мағынасы және олардың өлшем бірліктері.
  • Жұмысты орындауға қандай физикалық құбылыстар мен заңдар қолданады?
  • Іздестіріліп отырған шама қалай анықталады және оның басқа әдістерге қарағанда жетістіктері мен кемшіліктері қандай?
  • Есептеу өрнегін қорытып шығару.
  • Өлшеу және есептеу кезінде жіберілетін қателер қалай бағаланады?

Зертханалық жұмыстың орындалу барысы

        Мұғалім оқушыларға берілген жұмысты орындау үшін мына жоспар бойынша дайындалуды ұсынады:
1. Оқулықтан берілген жұмысты орындау үшін қажет материалмен оқып танысу;
2. Жұмыстың басты мақсатын анықтау;
3. Құрал-жабдықтармен танысып, жұмыстың сұлбасын құру;
4. Әрбір ізделінетін шаманы есептеу формулаларын нақтылау;
5. Жұмысты орындау барысында қандай физикалық шамалар (қандай бірліктермен) өлшенетіндігін анықтау;
6. Өлшеулер нәтижесін түсіретін кесте дайындау;
7. Орындалған жұмыс бойынша қорытынды жасау:
а) Нәтижеге анализ жасау;
б) Қате кету себебі неде? Оны жою жолдары.

        Орындаған жұмысты тапсыру үшін оқушы жұмыстың теориясы бойынша арнаулы сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың теориясын және экспериментті қамтитын есеп тапсырады және оны қорғайды.

         Мектептерде физика пәнінен зертханалық сабақтардың өтілуі мен дайындық кезіндегі біршама кемшіліктерді атап көрсетсек болады:

- өтілген материалға зертханалық жұмыстардың сәйкес келмеуі;

- зертханалық жұмыстарға көптеген әдістемелік сипаттаманың берілуі;

- оқушылардың көп уақыты өтпелі тапсырмаларды орындауға кетеді, нәтижесінде эксперименттің тиімділігі төмендейді;

- оқушылардың педагогикалық еңбек мәдениетін қалыптастыруға назар аударылмауы.

Яғни әрбір мұғалім жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын жіті қадағалап отыруы керек.

         Бүгінгі жаһандану дәуірінде бүкіладамзаттық құндылықтар мен әлемдік мәдениетті қалыптастыра алатын, ұлттық рухани қазыналарымызды, қасиетті тіліміз бен ділімізді бойына сіңіріп өсетін, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ат салысайық!

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст