«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы ұстаз Усембаева Майра Жетпісбаеваны еске алу күні

09.01.2024

    27 желтоқсан күні мектебімде Ұлы ұстаз Усембаева Майра Жетпісбаеваны еске алу күні өтті.  Аяулы ұстазымыз 1952 жылдың 27-желтоқсанында дүниеге келген. Майра  Жетпісбайқызы  арнайы орта, Целиноград педагогикалық училищесінің бастауыш сынып мұғалімдері бөлімін 1970 жылы тәмамдап, 1977 жылдан бері  Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде бастауыш сыныпта сабақ берген. Ұлы ұстаз шәкірт алдында адал, өзіне де, өзгеге де әділ бола білген жан. Аяулы ұстаз Майра Жетпісбайқызы шәкірт тәрбиелеуде сіңірген өнегелі еңбегі мектеп өмірінде және біздің жүрегімізде алар орны ерекше екені сөзсіз. Салтанатты линейкаға ардагер-ұстаздар: Омаров Ж.Қ., Суменова Н.К. келіп, естеліктерімен бөлісті. Мектеп директоры Л.А. Биримжанова есімі аңызға айналған ұстаздың еңбегі туралы сөз қозғап, оқушылар өлең жолдарын арнады. Іс-шара музыка пәнінің мұғалімі Б. Асхар орындауында «Ұстаздар» әнімен аяқталды. Аяулы да ардақты ұстазымыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.

Просмотров: 3640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст