«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Барлық зардап шеккен аймақтарда су тасқынынан келтірілген шығынды бағалау комиссиялары жұмыс істейді

22.04.2024

     Еліміздің сегіз облысындағы елді мекендерде ауқымды табиғи апат салдарынан азаматтарға келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейді.

    Өтініштер Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарының елді мекендерінде қабылданады. Ал, Қарағанды облысында азаматтарға келтірілген залалды есептейтін комиссияның жұмысы аяқталды.

   Су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген азаматтар алгоритм бойынша төтенше жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде материалдық шығынды өтеуге өтініш бере алады.

   Зардап шеккендер қаржылық көмек, тұрғын үй және әлеуметтік қорғау шаралары түріндегі мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алады. Сонымен қатар оларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыру қарастырылған. ШОБ субъектілеріне, фермерлерге және мал басын жоғалтқан ауыл шаруашылығы иелеріне келтірілген шығынды өтеу де қарастырылған.

Просмотров: 4690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст