Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгін 15-ақпан күні - Қеңес Одағының қарулы күштерін Ауған жерінен шығару күні. Сол себептен, бүгін біздің мектебімізде Ауған соғысына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі кездесудің қонақтары:
1. Мугалова Камиля Бекмурзиновна - Жақсы ауданының «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалының І төрайымы
2. Азимбаев Бахыт Бахтиярович - Жақсы ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
3. Дауренбекова Гульден Ерболқызы – Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінің тілшісі
4. Ауған соғысының қатысушылары – Варанкин Виктор Власович, Шмидт Константин Константинович, Ишимбаев Дмитрий Петрович
Кездесудің мақсаты: Ауған соғысының маңыздылығын түсіндіру, жасөспірімдер бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, тарихты еске алу.
1-слайд. Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
2-слайд. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген.
3-слайд. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады.
4-слайд. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді.
5-слайд. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады.
6-слайд. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады.
7-слайд. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді
8-слайд. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.
9-слайд. Варанкин Виктор Власович 1962 жылдың 1 қаңтарында Қима ауылында дүниеге келді. 1969-1979 жылдары Қима орта мектебінде білім алды. 1979 жылы №73 Қима кәсіптік-техникалық училищесінің жүргізушілер курстарына оқуға түсті. СПТУ аяқтағаннан кейін Кийминский совхозының автопаркінде жұмыс атқарды. 1980 жылдың қарашасынан 1982 жылдың желтоқсан айына дейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызметін өтеді. 1981 жылдың қараша айында Виктор әскери бөлімшесімен бірге қатардағы жауынгер ретінде Ауғанстанға әскери қызметке жіберілді. Соғыс әрекеттеріне қатысты, пулеметші болды. Оның бөлімшесі Газни аймағына орналасты. Сол жылғы әскери қызмет Виктор үшін қауіпті әрі қиын болды. Ол Ауғанстандағы әскери қызметі үшін марапаттарға ие болды. Әскерден оралған соң «Жаңа-Жол» ЖШС-інде жұмыс істеді
10-слайд. Ишимбаев Дмитрий Петрович 1965 жылдың 2 қаңтарында Қима ауылында туған. 1981-1984 жылдары СПТУ-73-те кең профильді тракторист-машинист, жүргізуші мамандығын оқыды.
Совет Армиясы қатарына 1985 жылдың 16 сәуірінде Кушка (Түркіменстан) қаласына шақырылды. Сол қалада және сол бөлімшедеЖас Жауынгер Курсын және жүргізуші ретінде қайта даярлауды өтті.1985 жылдың 7 тамызы және 1987 жылдың 2 ақпаны аралығында Ауғанстандағы Баграм қаласында халықаралық парызын өтеді. Жауынгер үшін Ауғанстандағы әскери қызметін еске алу қиын. Ол интернационалист жауынгер ретінде медальмен марапатталды. КСРО үкіметінің бас хатшысы атынан құрмет грамотасымен, сонымен қатар медальмен марапатталды. Ауғанстан үкіметі атынан берілген марапаттары мен медальдері де бар. Қайырымшыл ауған халқы атынан «Мерейтой медалі» бар. Сержант деген әскери атағы бар.
11-слайд. Шмидт Константин Константинович 1960 жылдың 27 тамызында Қима ауылында өмірге келді. 1978 жылы Қима орта мектебінде оқуын аяқтады. 1978 жылдың 22 қазанында Совет Армиясының қатарына әскери қызметке шақырылды. Әскери қызметінің алғашқы жылы автобат қатарында Түркіменстанның Кушка қаласында басталды. 1979 жылдың 5 наурызында соғыс әркеттеріне байланысты оның әскери бөлімшесі Ауғанстанға жөнелтілді. Бөлімше Герат қаласында орналасты. Әскери қызметінің екінші жылы қиын да қауіпті болды. Жауынгер үшін Ауғанстандағы әскери қызметін еске алу қиынға соғады. Ол интернационалист жауынгер ретінде медальмен марапатталды. Әскерден оралған соң Константин ауыл шаруашылық техникасына жүргізуші ретінде жұмыс атқаруға барды. 1982 жылы үйленді. Александр, Евгений, Константин есімді үш ұлды тәрбиеледі. Қазіргі уақытта «Жаңа-Жол» ЖШС-інде жұмыс жасайды.
Бүгінгі шарамызға мектебіміздің түлегі, қазіргі уақытта тәжірибеден өтіп жатқан педагог-психолог – Нұрбек Балгүл Ауған қатысушыларына өз шығармашылығынан өлең жолдарын ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Жәңгір Айсұлу орындауында «Бала тілегін» әнін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі кездесуімзді қорытындылай келе сөз кезегін қонақтарға береміз.
Барлықтарыңызға уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет. Жасөспірімдер бугінгі кездесуден жақсы әсер алып, аға буын сияқты өз Отанына патриоттық сезімдері қашанда нық болады деп сенеміз.
Назарларыңызға рахмет.