Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Психологиялық жайлылық – тұлғааралық қарым - қатынастардың сапалы жағы, жемісті бірлескен қызметке және тұлғаның жан - жақты дамуына септігін тигізетін немесе кедергі болатын психологиялық жағдайлардың жиынтығы.
Сабақта психологиялық жайлылық құру ұстаздың балалармен жұмыс істеуіндегі ең маңызды және күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Жайлылық тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін өзіндік ерекше жағдай болып табылады: оның аясында бала ашылады, өз дарындарын көрсетеді, ұстазбен және топтың басқа мүшелерімен белсенді түрде өзара әрекеттеседі немесе пассивті және тұйық болады.
Қолайлы психологиялық ахуал өзара құрметтестік, ықылас, биязылық ауанымен сипатталады, жұмысқа жағдай жасайды, тұлғаның әлеуеттік мүмкіндіктерін ашады.
Қолайсыз ахуал тұлғалық дамуға кедергі келтіреді, қорғансыздық, нервоздық, қорқыныш және торығу жағдайларын дамытады.
Мектептегі әлеуметтік - психологиялық ахуал ізгілік өзара қарым - қатынастарды көздейді.
Оқушылармен алғаш кездескенде ұстаз сынып ауанын айқындауы тиіс. Егер ауан қолайсыз болса, мұғалім оны өзгертуге тырысады, бұл топтағы өзара қарым - қатынастарды жақсартуға және бекітуге оң әсерін тигізеді.
Көбінесе психологиялық ахуал осы уақытта құрған ауанға байланысты болады. Ахуалдың сипатын анықтайтын қарым - қатынастар талдауы бірнеше бағытта ұстазбен жүргізіледі. Ең алдымен – бұл адамға ең жоғарғы құндылық ретіндегі көзқарас. Мектеп өмірінің барлық салалары адамға деген қамқорлыққа толы болуы керек. Ахуалды айқындайтын көрсеткіш, – осы сәтте болып жатқан оқиғаға көзқарас.
Психологиялық ахуалы әртүрлі топтардағы бірдей оқиға әр алуан психологиялық әсермен қатар жүреді. Сыныптағы қолайсыз ахуал кезіндегі бір оқушының сәтсіз жауабы басқа оқушылар тарапынан мазақ немесе немқұрайлық тудырады, дегенмен қолайлы ахуалы бар сыныптағы дәл сондай жағдай басқаша әсерге ие болады – тілектестік, қынжылыс, көмектесуге талпыну.
Топта қолайлы ахуалдың болуы балаға қорғаншылық пен психологиялық жайлылықты, жемісті жұмыс пен шығармашылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сондықтан ұстазға шығармашылық ауанды құрауға әсер ететін түрлі құралдарды кеңінен пайдаланған жөн. Осындай құлдардың бірі музыка болып табылады, ол қызметтің әр алуан түрлері мен оқу сабақтарының сатылары үшін арнайы іріктеледі.
Психологиялық ахуалға әсер ету құралдарына мейірімділік көрсету, көңіл бөлу, дизайн, интерьер, сабақтағы және сабақтан тыс кездегі жұмыстың түрлі қызықты нысандары, табиғат элементтері, сөздік, пластикалық және мимикалық құралдар жатады.
Технологиялық әсер ету келесідей операциялардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі:
· Жеке байланыстар орнату. Олар оқытушылар мен балалардың арасында ғана емес, балалардың өздерінің арасында да құрылуы тиіс. Мұғалім әр оқушыны атымен атайды, қызығушылық танытады, қолпаштау айтады және жемісті жұмысқа үміт білдіреді, көңіл мен мейірімділік көрсетеді.
· Дем берушілік, мақұлдаушылық көзқарас. Балалармен бірлескен жұмыста көтермелеу басым болуы керек. Ол оқушылардың қызметімен қатар, сыртқы және ішкі адамгершіліктеріне де жатады.
Мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынас жасау нысаны
· Іскерлік (іскерлік қарым - қатынастарға шақыру): «Балалар, бәрімізге ортақ және әрқайсымызға өте қажетті іспен айналысайық. Алдымен қалай жұмыс істейтінімізді келісіп алайық, жарай ма?», «Кім басқа нәрсе ұсына алады?»
· Тұлғалық - сенімділік: «Мұны мен үшін істейтіндеріңе сенімдімін, өйткені бұл тіпті қиын емес қой»; «Сен маған көп нәрседе көмектесе алатын едің және менің өтінішімді орындасаң саған алғыс білдірер едім». Мұндай нысан жасөспірімдерде және ересек оқушыларда ересектермен бір деңгейде қызметтесу қажеттілігі көрініп тұрғанда, олармен қарым - қатынаста пайдалы. Мұндай қарым - қатынас олардың ересектігін көрсетіп тұрады, өйткені оларға көмекке жүгінеді.
· Эмоциялық - тұлғалық: «Менде, балалар, бүгін ауыр күн болды, сендер де алтыншы сабаққа қарай шаршадыңдар – бір - бірімізді сақтайық» немесе: «Мен білемін, сендерде бүгін математикадан бақылау болды – қалай өткіздіңдер, қиын ба?.. Өзара түсіністік, бір - біріне мұқият қарау осылай орнатылады, оқушылар басқа адаммен қарым - қатынас жасаудың түрлі нысандарын үйренеді. Бастысы – бүкіл сыныптың уайымдауларын нақтылау және өздерінің қызығушылықтарын көрсету. Мұндай қарым - қатынас оқушыға жекелей де болуы мүмкін.
Мұғалім күн ағымында балаларға көптеген ескертулер жасайды. Оқушылар дәптерлерін ұмытып кетеді, сабақта терезеге қарап отырады, партадағы көршісіне кедергі жасайды т. б. Бәріне тез әсер ету керек, кейде ойлануға уақыт та болмайды. Алайда ескерту – қауіпті қару. Жиі солардың өзі ұзақ шиеленістердің себептері болып жатады.
Ескерту сыпайы, тәрбиелік мақсатта болуы керек.
Мысал:
· Балалар, мен еденде шашылған қағаздар көріп тұрмын…
· Мен үстелдің үстінде жатқан журналды таба алар емеспін…
· Түсіндіріп жатқанда менің сөзімді бөлсе сөйлеу қиын…
· Партаға сурет салмауларыңды және қоқыс қалдырмауларыңды сұраймын…
· Қауіпсіздік мақсатында сыныпта өздеріңді байсалды ұстауларың керек …
Сыныпта психологиялық қолдау ауанын құру
Оқу үдерісі кезінде мұғалім істеуі қажетті нәрселер:
· балаларға толықтай сенім көрсету;
· топпен қатар, жеке - жеке алғанда әрбір оқушының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді пайымдауға және нақтылауға көмектесу;
· балаларда оқуға ішкі уәжділігі барын негізге алу;
· оларға түрлі тәжірибелердің қайнар көзі болу, қандай да бір міндеттерді шешуге көмектесу;
· өзінде топтың эмоциялық қалпын сезіну және оны қабылдау қабілетін дамыту;
· топтық өзара әрекеттестіктің белсенді қатысушысы болу;
· топқа өз сезімдерін ашық білдіру;
· әр оқушының сезімдері мен уайымдарын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатияға қол жеткізуге ұмтылу.