«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері

28.02.2018

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жолдары 

Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз халқының патриоты болатын ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Халқына Жолдауында» жас ұрпақты жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегесімен тәрбиелеуді мақсат етіп қойды. Бұл мақсатқа жету барысында біздерХалықтың төл ерекшеліктерін, терең меңгеріп, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде алатын ролін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.Енді осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл жерде баланы патриоттыққа тәрбиелеу де керек. Қажет әдіс-тәсілдердің тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті нәтижеге қол жеткізбек

К.Д.Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп санаймыз.Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтерді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жайт.«Отан – отбасынан басталады», - дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес, сонымен күллі қоғамның келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан есте шықпағаны абзал.Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», деген даналық сөздің мәніне үңілсек балауса шағынан-ақ бала тәрбиесіне көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес.Адамның келешегіне оның тегінен дарыған қасиеттердің ерекше рөл атқаратыны мәлім. Демек, патриоттық сезім де – адам бойына туа бітетін сезім. Бірақ, оның даму – дамымауы тәрбиеге тікелей байланысты. Осы арада мектеп оқулықтарының маңызына ерекше тоқталғымыз келеді. Кез келген оқулықұа үш түрлі міндет қойылады. Ол білім беру, дамыту, тәрбиелеу. Тәрбиелеу ерекше маңызды міндет. Патриоттық тәрбие де, осы тәрбиенің ең маңыздысы.Білім мен тәрбие беру саласында күрделі өзгерістердің нәтижесінде осыған дейінгі пайдаланып келген оқулықтар мазмұны қайта қаралып, жаңаша тұрғыда толықтырылып және жазылу үстінде.

Қазіргі оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді зерделеп шықсақ, бастауыш сынып оқулықтарында халықтық педагогиканы негізге ала отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жағына баса назар аударылып отырғанын аңғартамыз.Қазіргі таңда бастауыш мектепте білім берге арналған пәндерді кіріктіре оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылыққа жетелеу, жеке бас дербестігін дамыту мәселесін шешу мақсатын қойып отыр.Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік береді.Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылды:

-туған тіліне сүйіспеншілік

– туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу

– оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;-туған жерге сүйіспеншілік

– туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман

– көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау;-туған елге сүйіспеншілік

- өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;

-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;

-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы.

Бастауыш сынып оқушыларының бойына осы тектес құндылықтарды қалыптастыру барысында олардың ұлттық рухы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі, тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі.Осы орайда біз зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде мынай бес бағытты ұсынамыз: болашақ азаматтың бойында сана-сезім орнықтыру үшін ең алдымен, өз таризымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білуіміз керек, екінші тілімізді – туған халқымыздың тілін білмек шарт. Үшіншіден, атадан-балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды білген жөн. Ол да - тарих, зерделей білсек, ол да бізді патриотизмге тәрбиелейді. Төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, ерлік дәстүрін үлгі тұту. Бесіншіден, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадыр-қасиетімізді арттыру, оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін ояту.

Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады.

Көркем шығарманы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының патриоттық сезімін қалыптастырамыз, дүниеге көзқарасын дамытамыз.Көркем шығарма балаларда алуан түрлі сезім, ой туғызады.Бастауыш сыныптардағы ана тілі – маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін /тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу/ меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады: сөйлеу тралы қарапайым ұғым беру, тілдік құбылыстарды талдау, баланың өз ана тілін білуіне барынша көмектесу, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес орфографиялық дағдылар қалыптастыру, диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, өз сөзін дұрыс және орынды айтылуын өзі бақылау машығын дамыту, оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.Бастауыш сыныптағы ана тілі оқулығы бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Мысалы, 2 сынып бойынша: «Туған елім – Қазақстан», «Асыл сөз», «Адам болам десеңіз», «Еңбек түбі - береке», «Өнегелі өмір», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Біздің тілегіміз – достық».

Ана тілі оқулығында берілген кейбір тақырыптардың мазмұны бірнеше пәннің мазмұнымен кірігіп кетеді. Мысалы, 2 сынып оқулығында «Туған елім – Қазақстан», «Күз», «Туған жер», «Отан туралы», «Туған өлкем», «Астана», «Ақ бидай», «Ұланымыз ұлы елдің», «Тіл туралы», «Еңбек түбі - береке», «Бидай мен Қаңбақ», «Наурыз», «Біздің тілегіміз - достық» сияқты тақырыптар әдістемелік тұрғыдан да, мазмұны жағынан да дүниетану, қазақ тілі, еңбек, тіл дамыту, сурет пәндерімен бірлесіп, жымдасып, кірігіп кетеді. Осының бәрі бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие қалыптастыруға едәуір септігін тигізеді. Көркем әдебиет үлгілерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және оның табысты болуы белгілі жағдайларға байланысты болмақ. Мұнда сынып жетекшінің қосатыны мол.

Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде оқулықтарда берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Ана тілі оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар Отанға, елге, жерге арналған.

Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-мәселдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар ролі ерекше. Оның себебі сынып мұғалімнің міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қиындықтарға толы. Мұғалім – бұл өз балаларының ортасындағы қарым-қатынас қуанышына кенелу. Мұғалім болу – педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзіңнің әрбір тәрбиеленушіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жеңістердің қуанышы.Оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда, көркем шығарма әдебиетінің тәрбиелік, педагогикалық құндылығын ерте кезде-ақ түсінген.

Қай заманды алмасақ та, патриоттық тәрбие әрқашанда өзінің көкейтестілігін жойған емес. Міне бүгінгі таңда да еліміз егемендігімізді алып, патриоттық тәрбиеге баса көңіл бөлініп жатқан кезде барлық мұғалімдердің алдында тұрған міндет - өсіп келе жатқан жас ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа баулу болып табылады.Жалпы бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі төмендегідей мәселелерді жүзеге асыруы қажет:

1. Оқушыларды көркем әдебиетке жұмылдыру; 

2. Оқушыларға бар мүмкіндігінше білім алуға көмектесу; 

3. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми біліктерін, дүниеге көзқарастарын, өмірлік ұстанымын қалыптастыру; 

4. Оқушылардың бос уақытын көркем әдебиетке тарту; 

5. Көркем әдебиет арқылы патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында алан түрлі топсаяхаттар, интеллектуалдық ойындар, арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастыру; 

6. Ата-аналармен жұмыс (балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету, көркем әдебиет шығармаларына балаларының қызығушылықтарын дамытуға ата-аналарды қатыстыру) 

Ғылыми зерттеу жұмысымыз оқу-тәрбие үрдісінде көркем әдебиет шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің, формаларының, дидактикалық принциптері мен заңдылықтарының маңызы зор екенін дәлелдеді.Бастауыш сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын пайдалануда оқытудың дидактикалық принциптерін (ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы) басшылыққа ала отырып, гуманистік, табиғатқа сәйкестілік принциптерін жүзеге асырамыз.Жалпы принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида дегенді білдіреді. Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Негізгі дидактикалық принциптерден басқа гуманистік принцип оқу-тәрбие үрдісінде оқушылармен субъект-субъектілі қарым-қатынасты талап етеді. Оқушылардың көзқарасымен санасуды, олардың жеке басын құрметтеуді қажет етеді. Табиғатқа сәйкестілік принципін алған ұсынған чех педагогы Ян Амос Коменский. Оның ілімі бойынша табиғатқа сәйкестілік принципі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі етеді. Табиғатқа сәйкестілік принципі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеруді, сондай-ақ, олардың табиғи нышандарына сәйкес жүргізуді талап етеді.

Просмотров: 807


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст