«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білгір химиктер» атты интеллектуалды сайысы

27.02.2018

Аталған сайыс сабаққа қатысқан 8 «А» сыныбындағы 20 оқушы. Барлық оқушылардың ішінен 12 оқушы қатысты. Қалған оқушылар көрермен ретіңде қатысты. Оқушылар бір-бірімен қарым қатынастары жақсы, мектептегі шараларға белсене қатысады. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру, оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту, ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ жарыс түрінде өтті.Оқушылар білімді және білгір атты екі топқа бөлініп, әр топта 5 оқушыдан, топ басшысын сайлап алды. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Салем – сөздің анасы». Әдеп, адамшылық – амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу.  Бұл кезеңнің ерекшілігі топ басшылары өздерінің топ мүшелері мен қысқаша таныстырып, қарсылыстарға химия тілінде құттықтап сәттілік тіледі.Екінші кезең «Кім жылдам?»  деп аталды. Бұл кезеңде әр топқа сұрақтар қойылды. Екі топтын оқушылары белсене қатысты. Сергіту сәті ретіңде ойын ойнатылды, Тормен су әкелу. Үшінші кезең  «Полиглот» Ойынымызды әрі қарай жалғастырды. Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 4 сұрақтан қойылды. Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып айту керек, толы жауапқа 6 ұпай, екі тілде айтса 4ұпай, бір тілде жауап берсе 2 ұпайға ие болады. Бұл кезеңде білімді тобы жақсы қатысты берді.. Оқушылардың барлығы элементтерді үш тілде айта алды. Төртінші кезең Құрастыру (топ басшыларының сайысы) Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырып, химия зертханасында естеріңде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережесін оқыды. Бесінші кезең. Мықты болсаң тауып көр деп аталды. Әр топ химиялық элемент таңбаларын қағазға жазып оны периодтық жүйеден мекен-жайын аңықтады. Бұл кезеңде екі топ жақсы көрсеткішке ие болды.Келесі кезең Формулалар билейді. Ол үшін оқушылар металдар мен бейметалдардың оттекпен қосылысын, оксидтер болып бір-бірімімен жұптарын тауып,тапкан жұптарымен бәрі «Қара жорға» биіне биледі(Ca.O.AL2.O3.Na2.Mg.O.Fe2.Cr)Барлық кезеңдер аяқталып, әр топтың ұпайлары саналды. Нәтиже бойынша Білімді тобы 47 ұпаймен жеңіске жетті.Сабақ соңында рефлексия жасалып, оқушылардан сабақ мақсатына қалай қол жеткізген туралы өз пікірлерін айтты . Оқушылардың қамтылуы 90% .Сайыс сабақ жоспар бойынша өз мақсатына жетті.

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст