«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жер – туған ел

07.03.2018

«Туған жер – туған ел» танымдық-тәрбие сағаты 

Мақсаты: а) білімділік: «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру,тиянақтау, дүниетаным-дарын кеңейту; 

ә)дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру; 

б ) тәрбиелік: Отанын сүюге, рәміздерді, Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту, ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту. 

Түрі: танымдық-тәрбие сағаты 

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу, сұрақ-жауап, 

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих 

Көрнекі құралдары: карта, рәміздер, Елбасының портреті, Қазақстанның әсем қалаларының көрінісі, ребустар, алтын сандық. 

Барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі. 

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! 

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге мейіріммен қарап, амандасайық (оқушылар хормен). 

Аспаны ашық еліміздің, 

Көркі сұлу жеріміздің, 

Біз-бақытты баламыз! 

Ақпыз,қара, сарымыз, 

Ағайынбыз бәріміз! 

-Орындарына отыра қойыңдар. 

ІІ.Негізгі бөлім. Қазақстан дейтін менің бар елім, 

Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов 

ақын ағамыз жырлағандай, бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: 

«Туған жер – туған ел» деп аталады. 

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз 

жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді(картамен жұмыс). 

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көпұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, 

өзбектер, корейлер, украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. 

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

Қазақстанда үлкен қалалар көп.Олар:Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, 

Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен,Семей, 

Талдықорған. Бұлар-әдемі қалалар. 

Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 

Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 

(Астана қаласының әсем, көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп,әңгімеленеді). 

Қазақстан тарихында төрт астана болды. Олар:Орынбор(1920-1925), Қызылорда 

(1925-1929), Алматы(1929-1997), Астана (10 маусым 1998ж.) 

1-ші оқушы: Туған жер-тірегім, 

Сенде өстім түледім, 

Бір сен деп үнемі 

Соғады жүрегім. 

2-ші оқушы: Күлеміз, ойнаймыз, 

Демаламыз алаңсыз, 

Ризамыз саған біз 

Ұлы Отан – анамыз. 

3-ші оқуш: Асқарлы, қарлы шың, 

Аялаған ән құсым, 

Туған жер, армысың! 

Саған мың алғысым. 

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері бар. 1993 жылы 

28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.1995 жылы 30 тамызда 

еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 

Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын 

мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Әр оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын 

аттаған күннен бастап Конституцияда жазылған өз құқығы жайлы білуі керек. 

Мектепте ол өзінің білім алу құқығын пайдаланады. Құқық бойынша мемлекет 

оны ақысыз оқытады. Оқушының бұдан кейінгі мақсаты, борышы-жақсы оқу, 

терең білім алу. 

Құлақтан кіріп бойды алар, 

Әсем ән мен тәтті күй, 

Көңілге түрлі ой салар, 

Әнді сүйсең, менше сүй,-Абай атамыз жырлағандай, кезекті әнге берейік. Ән «Жерім менің». 

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар:ту, елтаңба, әнұран. Тудың 

түсі-көк. Көк түс-бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында күн орналасқан. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. 

1-ші оқушы: Көк аспандай көкпеңбек, 

Қазақстан жалауы, 

Көк емес ол тектен-тек, 

Елдің ашық қабағы. 

2-ші оқушы: Ақ ниеті-алтын күн, 

Асқақ арман - қыраны, 

Жалауы бұл халқымның, 

Мәртебесі,Туы, Ары. 

3-ші оықуш: Бұлт баспасын күнімді, 

Тарылмасын өрісім, 

Биік ұстау Туымды 

Қасиетті борышым. 

Елтаңбаның авторлары: Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков. Елтаңбаның

реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі-

шаңырақ. Шаңырақтың айналасында уықтар. Оны пырақтар қанаты қоршап тұр. Елтаң 

баның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, астыңғы жағында «Қазақстан»жазуы 

орналасқан. 

1-ші оқушы:Елтаңбасы елімнің, 

Неткен әйбәт, әдемі! 

Тұнығындай көңілдің 

Ортада аспан әлемі. 

2-ші оқушы: Құт, береке-шаңырақ, 

Орын алған ол төрден. 

Қанатты қос арғымақ, 

Екі жақтан көмкерген. 

3-ші оқушы:Тәуелсіздік жолында 

Талай-талай тер тамған. 

Билігім өз қолымда, 

Еркіндігім-елтаңбам. 

2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сазын, яғни әуенін 

жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов, ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеднеов және Нұрсұлтан Назарбаев. 

Би «Сарыжайлауым». 

-Енді балалар кезекті ойынға берейік. 

Кел, балалар келіңіз, 

Тамашаны көріңіз, 

Томсырайып отырма 

Мақал ,ребусты ойла 

Шешімін таппай қойма. 

(ребус шешіледі, мақал-мәтелдердің сыңары табылады) 

ІІІ. Қорытындылау. 

Ақ сандығым ашылды, 

Ішінен сұрақ шашылды.(оқушыларға жоғарыда айтылған материалдар бойынша сұрақтар қойылады). 

1.Қазақстан қандай мемлекет? 

2.Елбасы кім? 

3.Қазақстанның астанасы қай қала? 

4.Астана қандай қала? 

5.Мемлекеттік тіл қай тіл? 

6.Мемлекеттік рәміздерді ата. 

7.Тудың авторы кім? 

8.Елтаңбада не бейнеленген? 

9.Конституция күні қашан? 

10.Қазақстанның бұрынғы астаналарын атаңдар. 

11.Әнұранның әнін жазған кім? 

12.Сөзін жазған авторлар кімдер? 

Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан - әр адам үшін оттан да ыстық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп 

еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 

(оқушылардың барлығы тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді). 

Б- білімімді арнайтын 

О- отанымды қорғайтын 

Л- лаңкестікті даттайтын 

А- адалдықты жақтайтын 

Ш- шуағымды шашатын 

А- асулардан асатын 

Ғ- ғарыш сырын меңгергн 

Ы- ынтымақты тең көрген 

М- менмендікті жек көрген 

Қ- қазаққа қызмет ететін 

А- арманына жететін 

З- заңды жақсы білетін 

А- алға қарай жүретін 

Қ- қайырымды елімнің 

С- салтанатты жерімнің 

Т- толықтырам сенімін 

А- абыройын,жігерін 

Н- намысын қолдан бермейтін 

Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 

Болашағы елімнің! 

Ән «Қазақ елі».

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст