Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Наурыздың 3 күні мектебімізде бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі аясында "Үш тұғырлы тіл - заман талабы" тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинардың мақсаты - Үш тілде тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдіс-тәсілдерін көрсету.
Біріншіден семинарымызды мектебіміздің психологі Турдахунова Айнур Кайроллаевна "Адамның мінез-құлқы" атты тренинг өткізіп, көңіл күйлерін көтерді. Семинар бастауыш сынып мұғалімі Варанкин Евгений Юрьевич үш тілде жүретінін хабарлап, әріптестерінің үш тілде амандасуын ұсынды. Каждый учитель представляет себя и называет свой предмет: Hello, my name is Yevgeniy Yurievich, I am an English teacher. Практикалық тапсырмаларды орындау барысында әріптестердің қызығушылығы артып, жұмыс белсене орындала бастады. Жұмыс мынадай ретпен орындалды:
1. Викторина. Виторина сұрақтарына үш тілде жауап беру;
2. Сұрақтар мен жауаптар қазақ тілінде;
3. Сұрақтар орыс тілінде қойылады, ал жауаптар қазақ тілінде беріледі;
4. "Осень, зима, весна" сөздерін үш тілде жазу;
5. Сұрақтар орыс тілінде қойылып, қазақ тілінде толық жауап алу;
6. "Мақалдарды жалғастыр" әр топ кезек-кезек толықтырады;
7. "Семь раз отмерь, один раз отрежь", "Рыбак рыбака видит издалека", "Не имей сто рублей, а имей сто друзей" мақалдарды қимылмен көрсету;
8. Мәтін мазмұны бойынша үш тілде тапсырма дайындалып, топтарға ұсынылды. Жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталды. Осы тапсырмалар бойынша ұстаздар топпен түрлі тапсырмалар орындады. Семинардың қорытынды бөлігінде сұрақтар қойылып, кері байланыс ретінде "Күн шуағы" парақшалары таратылды.
Семинарға қатысқан мұғалімдер өз жұмыстарына қажетті ақпарат алып, риза болып, рахмет айтып тарқасты.