«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нің кітапханасы «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін онлайн өткізу бойынша ақпарат

22.09.2020

     Мектеп кітапханасында тілдер күніне арналған «Үштілділік – заман талабы» атты 8 сынып оқушыларының арасында қашықтықтан интеллектуалды сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тіл пәндеріне деген біліктіліктерін, білімдерін, дұрыс сөйлеу, жазу, оқу ептіліктерін арттыру.

Кіріспе: «Үш тұғырлы тіл» туралы идеясы мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса маңызды үш фактордың бірі – тіл қолданысын кеңейтіп, позициясын нығайтуға үлес қосу – әрбір азамммың борышы. Сондықтан бүгінгі сайысымызға 6 оқушы қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша 1-10 балға дейін бағаланды.

  1.  Таныстыру.
  2. Мақалды аяқта.
  3. «Кім шапшаң» сұрақ-жауап.
  4. «Менің Отаным» тақырыбында өлең жолдарын оқу 3 тілде.
  5. Жұмбақты шеш.
  6. Қорытынды.

«Үштілділік – заман талабы» атты интеллектуалды сайысымызға жақсы белсене

қатысқан оқушылар Шарапов Расул, Кайнеденова Назира, Асылкулова Мадина, Еркинова Саида, Каиржанов Аман, Капан Алтын. Сайыс өз мәресіне жетті. «Үштілділік – заман талабы» интелектуалды сайысында ең үздік деп саналған оқушылар  Кайнеденова Назира мен Шарапов Расул грамотамен марапатталды.

Қорытынды: Өскелең ұрпақты үш тілді: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқып үйренуге ұмтылыс жасау заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан біз де, болашақта  өз үлесімізді қосыпақпыз.

Есенгулова Т.С.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст