Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Еңбекке баулу сабағындағы қауіпсіздік:
Ι. Өз өмірлеріне, мүшелеріне қауіпті
заттармен жұмыс істеу ережелері
1.1. Өткір, үшкір заттармен жұмыс істеу тәртібі;
1.2. Балаларға өздерімен бірге өткір, кесетін заттарды алмауды ескерту;
1.3. Қайшының ұшын қасыңда отырған кісіге қарай бағыттама;
1.4. Біріуге бергенде ұшынан ұстап сабын беру, біреуге оқтамау;
1.5. Қайшыны ашық тастауға болма;
1.6. Қайшымен ойнауға болмайды.
1.7. Жұмыс соңында қайшыны арнайы корапшаға салып қою керек.
ΙΙ. Инемен жұмыс істеу тәртібі:
2.1. Инені ауызға салуға, тістеуге, киімге қадауға болмайды;
2.2. Инені сабақтағанда көзге тақау ұстамандар, жіптін ұзындығы 20-25 см. болу керек.
2.3. Инені үшкір жағымен біреуге ұсынуға болмайды;
2.4. Жұмыс соңында ине мен түйреуішті түгендеп, арнаулы шаншығышқа қадап қою керек.
ІІІ. Тырмамен жұмыс істеу ережелері:
3.1 Жұмысты тек берілген жерде орындау керек.
3.2 Тырманы тістері жағымен жоғары тастауға болмайды.
3.3 Тырманы және күректі бастан жоғары көтеруге болмайды.
3.4 Жұмысты орындаған соң құралдарды орнына қою керек.
3.5 Жұмыстан соң міндетті түрде қолды сабынмен жуып, сүлгімен сүрту керек.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК:
1. Ермексазбен жұмыс істегенде қолданылатын қауіпсіздік ережелері;
1.1 Ермексазбен жұмыс жасағанда арнайы тақтайша қолданамыз.
1.2 Жұмыс барысында ермексазды орындыққа, үстелге, киімге жағуға болмайды, себебі оны тазалау қиын.
1.3 Ермексазды ауызға салуға болмайды;
1.4 Ермексазбен жұмыс жасаудан кейін қолды сабындап жуып, қағаз сүлгімен сүрту керек.
2. Желіммен жұмыс істегенде қолданатын шаралар
2.1 Желімді иіскеуге, дәмін көруге болмайды ол улы;
2.2. Көбіне құрғақ желімді пайдаланған жөн;
2.3 Жұмыс кезінде желімді көзге тигізуге болмайды, тиген жағдайда мұғалімге айтып, сумен жақсылап шаю керек;
2.4. Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыс кезінде арнайы желім жаққышты пайдаланамыз.
2.5 Жұмыс соңынан міндетті түрде қолды сабынмен жуып , қағаз сүлгімен сүрту керек.
Құрметті ата – аналар мен оқушылар!
Сіздерден күзгі демалыс кезінде балалардың өміріне төнетін қауіпті жайттардың алдын алу шараларын, балаларыңыздың көшеде, жолда жүру ережелерін қадағалауларыңызды өтінеміз.
1. Үлкендердің қарауынсыз балаларды өзен, көл суларына жібермеңіздер.
2. Балалардың жол ережелерін, көшеде жүру ережелерін бұзуға жол
бермеңіздер. Жол ережесін қатаң түрде сақтасын.
3. Түнгі уақыттарда балалардың (кәмелеттік жасқа толмаған) ата –
анасының қарауынсыз көшеде жүруіне рұқсат етілмейтіндігін естен
шығармаңыздар.
4. Бөгде адамдарға жақындамау керектігін, берген заттарын алмау керектігін балаңызға үнемі ескертіп отырыңыз.
5. Балаларыңызға мұқият болыңыздар маңызды себепсіз сыртқа, алыс жолға жібермеңіздер.
6. Күзгі демалыс кезінде дүкендерге, демалыс орындарына ата – анаңмен бар.
7. Балаларға: Лифт кабинасында ойнауға, ашық терезелер мен балкондардан сыртқа қарауға, жолдың машина жүретін жағына шығуға, бейтаныс сұйықтықтар мен дәрілерді ішуге, өткір кесуші және шанышқы заттармен ойнауға, құрылыс алаңдарына баруға, лас қолмен тамақ ішуге, қаңғып жүрген жануарлармен ойнауға, отпен, электір тоғымен ойнауға, ата – ананың рұқсатынсыз үйден шығуға БОЛМАЙДЫ!!!
Аширханова Б.К.