Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР БҒМ шығыстарының аудитін жүргізуге ниетті. Бұл туралы комитеттің депутаттық сауалға берген жауабында хабарланады, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
Депутаттар сауалда білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қанағаттанарлықсыз жай-күйіне, көптеген мектептерде тұрақты Интернеттің болмауына және цифрлық білім беру жобаларын іске асырудағы сәтсіздіктерге назар аударды.
Депутаттар 2016 жылдан бастап білім беру жүйесіне республикалық бюджеттен 27,2 миллиард теңге сомасында трансферттер жіберілгенін еске салды, оның ішінде:
* 6152 мектеп үшін 26 317 мультимедиялық жабдықтар жиынтығын сатып алуға 12 миллиард теңге;
* 7160 мектепті жылдам интернетпен қамтамасыз етуге 16,5 миллиард теңге;
* 7160 мектепті цифрлық білім беру ресурстарына қосуға 4,4 миллиард теңге.
Бұдан басқа, 2017 жылы БҒМ бастамасы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктен "орта білім беруді жаңғырту"жобасын қаржыландыруға 67 миллион доллар сомасында қарыз тартты.
Халық қалаулылары бөлінген қаражаттың не үшін жұмсалғанын сұрады.
Бұл сұрақтарға республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова жауап берді.
Ол 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес есеп комитеті өңірлерге республикалық бюджеттен берілген, оның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған (аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың IV тоқсаны) жалпы сипаттағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді жоспарлау және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитін жоспарлағанын хабарлады.
Осыған байланысты, Годунованың айтуынша, 27,2 миллиард теңге көлеміндегі қаражат осы аудиторлық іс-шара аясында қаралатын болады.
"Дүниежүзілік Банктің" орта білім беруді жаңғырту" жобасын қаржыландыруға 67 миллион доллар сомасындағы қарыз қаражатын пайдалану аудитін есеп комитеті 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ескеретінін қосымша атап өтеміз", – деп қосты есеп комитетінің төрағасы.
Аудит нәтижелері есеп комитетінің 2020 жылғы IV тоқсан қорытындысы бойынша атқарған жұмысы туралы ақпарат құрамында Парламентке жіберілетін болады.