Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова брифингте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың білімін бағалау жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Биылғы оқу жылындағы карантин жағдайында 2-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау арқылы анықталып, балл қойылады. «Қалыптастырушы бағалау оқушылардың жетістіктерін бақылау және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізілетінін тағы да еске салғым келеді. Бірінші тоқсан аяқталуға жақын қалды. Осыған байланысты оқушыларды оқылған бөлім үшін жиынтық бағалау 5 қазаннан басталған болатын, ал тоқсан үшін бағалау 28 қазаннан басталады. Бағаланатын әрбір пәнде 1 бөлім және 1 тоқсан бойынша бағалау жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін пәндер мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалады», – деп атап өтті Шолпан Қадырова. Сонымен қатар жиынтық бағалау келесі оқу пәндері бойынша өткізілмейді: өзін-өзі тану, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, қоғам және дін, бастапқы әскери және технологиялық дайындық және бастауыш сыныптарға арналған информатика. Медициналық көрсеткіштер бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар үйде оқитын балалар үшін мұғалім оқу жүктемесі мен оқыған оқу материалын ескере отырып, жеке тапсырмаларды әзірлейді. «Жалпы тоқсандық қорытынды баға – қалыптастырушы бағалау. Ол бөлім бойынша бағалау және тоқсан бойынша бағалау нәтижелері негізінде қойылады. Жиынтық бағалаудың қорытындылары оқушыларға, ата-аналарға қағаз немесе электрондық форматта беріледі», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы. Мұғалім күн сайын журналда оқушылардың оқу жетістіктерінің прогресін «Күнделік» электронды журналында орналастырылған есепке сәйкес балл түрінде тіркеп отырады. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары баға 10 балдан аспайды.
Бұл ретте1-3 балл төмен деңгей өлшемдеріне сәйкес келеді (10%-тен 30%-ке дейін). Яғни оқушы бұл жағдайда қателіктер жіберіп, мұғаліммен кері байланыс туралы қорытынды жасамайды, тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды.
Ал 4-7 балл аралығы орта деңгей өлшемдеріне сәйкес келеді (40%-тен 70%-ке дейін). Яғни оқушы қандай да бір қателіктер жіберуі мүмкін, тапсырмаларды кейде өз бетінше орындауға қиындықтар туындайды.
8-10 балл – жоғары деңгей (80%-тен 100%-ке дейін). Бұл жағдайда оқушы тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктер жасауы мүмкін. Өз бетінше тапсырмаларды орындай алады, түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады. «Осылайша тоқсандық бағалау қалыптастырушы бағалаудың орташа балы, бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелері негізінде тиісінше 25%, 25% және 50% пайыздық арақатынаста қойылады. Осыған байланысты оқушылардың ата-аналары тарапынан оқыту нәтижелерін бағалаудың объективтілігі бойынша бірнеше сұрақ келіп түскенін атап өткім келеді. Сондықтан осы сияқты мәселелер туындаған жағдайда тоқсан үшін жиынтық бағалау қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізілетінін естеріңізге саламын», – деп хабарлады Шолпан Қадырова. Бұдан басқа да сұрақтар туындаған жағдайда сынып жетекшіге немесе пән мұғалімдерінің көмегіне жүгінуге болады. «Күнделік» электронды журналына белсенді түрде кіріп, балалардың бағалары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауға шақырды.
Оразбаева Б.М.