«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

04.11.2020

   Мұғалім – сабақта басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Сабақты түрлендіріп өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Негізінен шығармашыл тұлғаны қалыптастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Оқушыны шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескертемін: • Ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. • Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу қажет. • Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық мүмкіндігі зор, өйткені, олар шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді келеді. Шығармашылық қызығуы қалыптасқан оқушылардың мынандай ерекшеліктері болады: • балалардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар; • шығармашылықпен айналысуға ұмтылым тұрады, шығармашылық күшін сынауға тырысады; • қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, болмыстары поэзиядан құралады; • бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі; • оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға бейім. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынандай болмақ: • «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру; • оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу; • шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; • ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету; • оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру; • оқушының қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. 

Ерикова Ж. М.

Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст