Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Елордадағы жалпы білім беретін оқу орындарда оқушылар меңгерген материалдар деңгейі тексеріледі. Биылғы оқу жылындағы карантин жағдайында 2-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау арқылы анықталып, балл қойылады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар үйде оқитын балалар үшін мұғалім оқу жүктемесі мен оқыған оқу материалын ескере отырып, жеке тапсырмаларды әзірлейді. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары баға 10 балдан аспайды. Бұл ретте 1-3 балл төмен деңгей өлшемдеріне сәйкес келеді (10%-тен 30%-ке дейін). Яғни оқушы бұл жағдайда қателіктер жіберіп, мұғаліммен кері байланыс туралы қорытынды жасамайды, тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды.
Ал 4-7 балл аралығы орта деңгей өлшемдеріне сәйкес келеді (40%-тен 70%-ке дейін). Яғни оқушы қандай да бір қателіктер жіберуі мүмкін, тапсырмаларды кейде өз бетінше орындауға қиындықтар туындайды. 8-10 балл – жоғары деңгей (80%-тен 100%-ке дейін). Бұл жағдайда оқушы тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктер жасауы мүмкін. Өз бетінше тапсырмаларды орындай алады, түсіндіре алады, жауаптарын негіздей алады. «Осылайша тоқсандық бағалау қалыптастырушы бағалаудың орташа балы, бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелері негізінде тиісінше 25%, 25% және 50% пайыздық арақатынаста қойылады.
Ақпараттарды білім беруді жаңғырту орталығының әдістемелік сүйемелдеу ашық онлайн алаңында online-metod.kz, nao.kz, smk.edu.kz, kundelik.kz сайттарда алуға болады. Бұдан басқа да сұрақтар туындаған жағдайда сынып жетекшіге немесе пән мұғалімдерінің көмегіне жүгінуге болады