«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

IQanat ОЛИМПИАДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

16.11.2020

✓ IQanat олимпиадасы – еліміздің ауыл мектептерінің 9-сынып
оқушылары үшін тегін олимпиада
✓ IQanat олимпиадасының 1-кезеңінің қатысушысы - www.iqanat.kz
сайтына тіркелген ауыл мектебінің 9 сынып оқушысы
✓ IQanat олимпиадасының 2-кезеңінің қатысушысы – 1-кезең жеңімпазы
✓ IQanat олимпиадасының 3-кезеңінің қатысушысы – 2-кезең жеңімпазы
✓ IQanat олимпиадасының ұйымдастыру комитеті – олимпиаданың
барлық кезеңдерін өткізу бойынша нормативтік құжаттарды, қатысушыларға
арналған нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлейді
✓ Ұйымдастырушы - олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауапты
тұлға
✓ Қазылар алқасы – олимпиаданың орындалған тапсырмаларын
бағалайтын құзыретті тұлғалар
✓ Апелляция - олимпиада нәтижесінің шешіміне оның қатысушысының
шағымдануы
✓ Академиялық күнтізбе – қордың оқу жылына арналған оқиғалар
күнтізбесі
✓ Облыстың (ауданның) қамқоршысы - IQanat олимпиадасын ерікті
негізде жеке қаражат есебінен қаржыландыратын жеке (заңды) тұлға

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

IQanat олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы осы Ереже (бұдан
әрі - Ереже) IQanat олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) ұйымдастыру
және өткізу тәртібін, ұйымдастырушылық, әдістемелік және қаржылық
қолдауын, қатысу тәртібін, жеңімпаздарды және жүлдегерлерді анықтап
көрсетеді.
«IQanat білім беру қоры» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) олимпиаданы
қамқоршылардың қаржыларына өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- - қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының
шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;
- оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын
қалыптастыру;
- оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай
жасау.
Олимпиада ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін жалпы білім
беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі:
• 1-кезең;
• 2-кезең;
• 3-кезең – Республикалық слет.
Олимпиадаға қатысу тегін.
Олимпиаданың 1, 2, 3 турларының қатысушылары және олимпиаданың
нақты өткізілетін уаықыты көрсетілген олимпиада бағдарламасы Қордың ресми
сайтында жарияланады.

Просмотров: 783

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст