Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді»,- дей отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін, ең алдымен, ұлт қаһармандарын үлгі тұтуға, олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін елге, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды тапсырған болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында 2020 жылы халқымыздың ұлы перзенттері Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтуіміз және бұл тұста ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек екенін айтқан болатын. Әл-Фараби – ортағасырлық ғылымдардың қай саласында да үздік білімнің иесі, энциклопедист ғалым ретінде даңқы шыққан ғұлама-ойшыл. Ғұлама ғалым және философ Аристотельдің логикаға қатысты барлық дерлік еңбектеріне, атап айтсақ, «Метафизика», «Никомахтық этика», «Риторика», «Поэтика», Птоломейдің «Әлмагесіне», Александр Афродизискийдің «Жан туралы» еңбегіне, Евклид «Бастауларының» бірқатар тарауларына, Порфирийдің «Исагогына», түсініктемелер жасады. Бұлардың арасында «Философияны меңгеруге дайындық», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету туралы» еңбектері бар. Әл-Фараби тіл білімінің ірі теоретигі, лингвист, ақын болып саналды. Ол жазу, каллиграфия, өлең, риторика тақырыбына түсінік жазды. Фарабидің еңбектерінің түпкі мақсаты – адам, адамшылық мәселесі. Ол адамның білім, ғылым игеріп, тәрбиелі азамат болуын құптаған. Бұдан асқан адам өмірінде құндылық жоқ шығар. Адамзат жаратылыстың барлық тіршілік иесінің биік шоқтығы болып саналады. Сол себептен де оны құрметтеу, қастерлеу қажет деген тұжырым жасаған. Білім, ізгілік, сұлулық – Фарабидің үш ұстанымы. Ойшыл ғылымның биік шыңын дәріптеген ғұлама. Мінсіз қоғам, мемлекет, қала болуы мүмкін емес. Адамның өзі мінге толы. Қоғам болған соң, ондағы адамдардың арман, ниеттеріне тікелей байланысты.
Ериков К. З.