«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі» КММ-нің кітапханасы «Елбасы және мәдениет» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді

10.12.2020

«Елбасы және мәдениет» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кең көлемді кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Тұңғыш Президенттің көрнекті саясаткер, Ұлт көшбасшысы ретіндегі тұлғасын, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы  еңбек жолы, тарихи кезеңдер туралы маңызды жаңа әдебиеттермен  таныстыру.  Жас ұрпақты,  Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан, Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Кітап көрмесінде Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, идеясы ерен, келешегі кенен  мақаласымен таныстырылды.

Халқымыздың салт-дәстүрі, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз жайлы  жаңа әдебиеттер ұсынылды.

Көрмеге Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Тарих толқындары», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Тәуелсіздік шежіресі», «Әлем қазақстан туралы, президент туралы»,»Елбасы жолдады, елі қолдады», «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы», «Жылдар мен ойлар», «Нұрсұлтан Назарбаев», «Қазақстан жолы», «Елбасымен сырласу», «Астана тарихы» кітаптары қойылды.

Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстанымыз қарыштай берсін демек демекпін.

Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст