«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Озық педагогикалық тәжірибені пысықтау ережесіне қосымша құжаттар үлгісі

31.01.2018

Педагогикалық тәжірибе – педагогика мен білім беру заңдарын, ұстанымдарын  және заңдылықтарын білу, оларды нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының және білім беру маманының өз тұлғасының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға дайындығы және қабілеттілігі.

      Озық педагогикалық тәжірибе (ОПТ) бұқаралық педагогикалық тәжірибеден туындайды, одан тәсілдерінің болжамдылығымен, ғылымилылығымен, шығармашылығымен басым түсіп, әдістемелік жүйенің және оның жекелеген құрамдастарының жетілдірілуіне септігін тигізеді.

ОПТ болып табылатын негізгі өлшем-талаптары:

– өзектілігі – қоғамдық дамудың заманауи үрдістеріне, педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибенің озық идеяларына сәйкестігі;

– инновациялылығы – әдістемелік жүйенің және оның жекелеген құрамдастарының жетілдірілуіне септігін тигізетін педагогикалық қызметтің жаңашылдығы (жаңа енгізілім);

– қайта өндірушілігі – негізгі идеяны, әдістемені немесе оны білім берудің кәсіби мамандарымен жүзеге асыру технологиясын қайта өндіру мүмкіндігі;

- жоғары нәтижелілігі – оқушылардың сыртқы тексеру (аудит) растаған оқудағы жетістіктерінің елеулі, жүйелі, оң, тұрақты өсу қозғалысы.

Жалғасы ...

Просмотров: 423

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст