«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол

18.01.2018

Бекітемін

Мектеп директоры _____________ Г. Ж. Мейрамова

«Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол» тақырыбындағы мектепішілік педагогикалық оқуларының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже «Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол» тақырыбындағы мектепішілік педагогикалық оқуларын өткізу және қатысудың тәртібі мен шарттарын реттейді (әрі қарай – Педагогикалық оқулар).

1.2. Педагогикалық оқулар – жас ерекшеліктеріне қарай білім берудің: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіби, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру сатылары тұтастығының қисынды байланысын қалыптастырудың тиімді құралы.

1.3. Педагогикалық оқулар педагогикалық ғылым мен тәжірибенің кірігуіне, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігінің артуына ықпал етеді.

1.4. Педагогикалық оқуларды ұйымдастырушы – мектептің әдістемелік кабинеті

1.5. Педагогикалық оқуларды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру алқасы келесі құрамда құрылады:

1. Абдуалиева К. Е. – директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары,

2. Идрисов Е. К. – информатика пәнінің мұғалімі,

3. Муханжанова М. К. – тәлімгер.

1.6. Ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалау мақсатында ғылыми дәрежесі мен лауазымдары бар білікті мамандардан сараптау кеңесі келесі құрамда құрылады:

1. Төрайымы Мейрамова Г. Ж. – мектеп директоры,

2. Тулегенова Г. К. – директордың оқу жөніндегі орынбасары,

3. Омарова А. Б, - директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,

4. Сейдахметова Р. К. – кәсіподақ ұйымының төрайымы,

5. Садвакасова Г. С. – ГЦ пәндері ӘБ жетекшісі,

6. Сулеймэн Е. – ЖМБ пәндері ӘБ жетекшісі

2. Мақсаты мен міндеттері:

2.1. Педагогикалық оқулар білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылады.

2.2. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалады:

- Білім берудің барлық деңгейлерінің білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу (мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру).

- Қазіргі білім беру жағдайында педагогтарға ғылыми-теориялық, әдістемелік көмек көрсету.

- Білім беру ұйымдарының өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жаңарту тетіктерін жүзеге асырудың жаңа әдістерін, тәсілдері мен амалдарын енгізу.

- Білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау мен тарату.

3. Педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны мен формалары:

3.1. Педагогикалық оқулардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін:

- Білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелері бойынша пленарлық отырыстар мен секциялық жұмыстар, инновациялық жобалар қорғау

- Педагогикалық идеялар аукционының презентациялары, заманауи педагогика мәселелері бойынша коучингтар, шеберлік-сыныптар өткізу

3.2. Педагогикалық оқулардың басым бағыттары:

• Білім берудің жаңа философиясы

• Білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің ролі

• Білім берудегі құзырлылық

• Инклюзивті білім беруді енгізу

• Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздері

• Үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру үдерісін психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу, кәсіби дамудың психологиясы

• Білім беру нәтижелерін бағалаудың критериалдық амалдары

• Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу

• Үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбиелеу тұжырымдамасын жүзеге асыру

• Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспарын жүзеге асыру

• «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары

• Ғылым негіздерін оқытудың мазмұны мен әдістемесі

• Ерте және қарқынды оқытудың философиясы мен технологиясы

• Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық педагогикалық технологиялар: М.Монтессори, Н.Зайцева, ТРИЗ, «Тәй-тәй»

• Гуманитарлық білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды енгізу

• Жаратылыстану-ғылыми білім берудегі тиімді педагогикалық технологияларды енгізу

• «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру

• Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.

4. Педагогикалық оқуларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Педагогикалық оқу 2018 жылдың 5-қаңтар күні өткізіледі

4.2. Педагогикалық оқуларды өткізу ұйымдастыру алқасына тапсырылады

- Педагогикалық оқулардың үлгі тақырыптарын анықтау

- Педагогикалық оқуларды дайындау және өткізу шараларының жоспарын құру

- Сараптау кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету

5. Педагогикалық оқуларға қатысу тәртібі:

5.1. Педагогикалық оқуларға қатысуға мектептің педагогтері шақырылады. 5.2. Педагогикалық оқуларға қатысушылар жеке немесе авторлық ұжым орындаған жұмыстарды ұсына алады.

5.3. Педагогикалық оқулардың басым бағыттарына сәйкес қатысушылар педагогтардың жұмыстарын келесі жанрларда ұсына алады: баяндамалар, ғылыми және инновациялық жобалардың презентациялары, авторлық бағдарламалар және оны жүзеге асырудағы жұмыс нәтижелері, білім беру ұйымдарын, ұжымды дамыту тұжырымдамаларын, іс-әрекетті ұйымдастыру ережелерін, дамыту бағдарламаларын, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі бойынша атқарылған жұмыстар және т.б.

5.4. Педагогикалық оқуларды ұйымдастыру форматы – тікелей қатысу. Автордың сөзі баяндама түрінде беріліп, Power Point презентациясы арқылы қорғалады.

5.5. Педагогикалық оқуларға қатысу үшін Ұйымдастыру алқасына «Педагогикалық оқулар» деген белгісі бар сұраныс (1-қосымша) және мазмұны басым бағыттарға сәйкес келетін көлемі 6 беттен кем емес материалдар талаптарға сәйкес (2-қосымша) желтоқсанның 27 дейін қабылданады. Орындалған жұмыс пен сұраныс жеке файлдарда рәсімделуі керек. Белгіленген уақыттан кеш түскен материалдар қаралмайды. Педагогикалық оқуларға қатысушылардың авторлық құқықтары сақталады, ұйымдастырушылар материалдарды басып шығаруды міндетіне алады. Авторлық құқықтардың сақталуына авторлардың өздері жауапты, ол қатысушы сұранысымен расталады.

5.6. Педагогикалық оқулардың материалдар жинағы шығарылады.

5.7. Ұсынылатын материалдар келесі өлшемдерге сәйкес болуы керек.

Ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды бағалау өлшемдері:

1. Жоба мазмұнының Педагогикалық оқулар бағыттарына сәйкестігі

2. Жұмыс тақырыбының өзектілігі

3. Қарастырылатын мәселенің мазмұндылығы және нақтылығы

4.Тақырып өзектілігінің және зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерінің дәйектілігі

5. Баяндаудың ғылыми стилі

6. Жобалар идеяларының жаңашылдығы

7. Болашақта тәжірибеге енгізу мүмкіндігі

8. Материалды ұсынудың қисындылығы және жүйелілігі

9. Әлеуметтік мәнділігі

Шығармашылық жұмыстарды бағалау өлшемдері:

1. Шығармашылық жұмыстар мазмұнының Педагогикалық оқулар тақырыбына сәйкестігі

2. Тақырыптың өзектілігі

3. Тақырыптың толық және бейнелі ашылуы

4. Тақырыптың ашылу деңгейінің тереңдігі

5. Шығармашылық дербестігі

6. Идеялардың жаңашылдығы

7. Болашақта тәжірибеге енгізу мүмкіндігі

8. Қолданылатын әдістердің айқындылығы

9. Әлеуметтік мәнділігі.

Әрбір он өлшемге сәйкес (он баллдық шкаламен) бағаланады. Сараптау кеңесі Педагогикалық оқуларға қатысушыларды бағалаудың ең жоғары баллдары бойынша сараптайды.

Педагогикалық оқуларға қатысушылардың презентацияларын бағалау өлшемдері:

Жұмыстардың презентациялары бағалау ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарға қойылатын өлшемдерге сәйкес бағаланады.

Презентация және оны талқылаудың ұзақтығы 15 минуттан аспау қажет. Қатысушыларға мультимедиялық жабдықтар (компьютер мультимедиялық проектор) ұсынылады.

Педагогикалық оқуларға қатысушылардың іс-әрекетін бағалау өлшемдері:

1. Педагогтың кәсіби шеберлігі, тәрбиелеу әдістерінің барлық мүмкіндіктерін бейімдеп қолдануы, тәрбиелік ықпалдар жүйесін бір уақытта ұжымға және жеке тұлғаға сәйкестендіріп қолдануы.

2. Ұйымдастырушылық дағдылардың болуы, күрделі педагогикалық жағдаяттарды дұрыс шеше білуі

3. Көпшілік алдында сөйлей білуі, қисынды баяндау шеберлігі, тіл мәдениеті.

6. Қорытындылау, қатысушыларды марапаттау

6.1. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша қатысушылардың жұмыстары мен мақалалары Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің сайтында жарияланады, материалдар жинағы шығарылады.

6.2. Педагогикалық оқулардың барлық қатысушылары дипломдармен және Педагогикалық оқуларға қатысқандығын растайтын сертификаттармен марапатталады.

Просмотров: 596

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст